Жаңа Каледония аймағында Франциядан бөлініп шығу туралы референдум өткен соң, жаппай тұрақсыздық орын алды. Тынық мұхитында орналасқан аймақ астанасы Нумеа қаласының орталығында жергілікті тұрғындар қарсылық акциясын өткізіп, оншақты көлікті жағып жіберген. Қақтығыс салдары әлі де зерттеліп жатыр.
Кеше өткен референдум барысында Жаңа Каледонияның дербестігі талқыланған болатын. Оған премьер-министр мен теңіздегі аумақтар ісі жөніндегі министрі қатысты.
Сайлау алдында Франция президенті Эммануэль Макрон референдум өткізу кезінде үкімет тарапы бейтарап көзқарас танытатынын және дауыс беруге халықаралық бақылаушылардың қатысуына рұқсат беретінін айтқан. Референдумға қатысқан 80% cайлаушылардың 57%-ы Францияның құрамында қалуды қолдаған.
Алайда, саяси шара алдындағы сауалнама нәтижесінде тұрғындардың 70%-ы бесінші республикадан егемендік алуды қалаған. Сондықтан сарапшылар мұндай жайт аралды аймақта келешекте рефрендумды қайта өткізуге негіз болуы мүмкін дейді. Алдағы уақытта Франция билігі Жаңа Каледонияның барлық саяси күштерімен ресми кездесу өткізбек.
Дереккөз: "The Qazaq Times"