Атырау, 29 қараша 10:42
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Қос Корея арасында сызат пайда болды

1 514 просмотра


АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларын қайта жалғастыруға келісті. Бүгін Похан қаласында алғашқы жауынгерлік шаралар басталды. Оған екі елдің атынан 500 сарбаздан қатысты. Қос Корея қол жеткізген тарихи келісімнен кейін Вашингтон мен Сеул мұндай жаттығу өткізуді доғарған.

Одан бері жарты жылдай уақыт өтті. Бірлескен жаттығулардың қайта өткізіле бастауы Солтүстік Кореяға көрсетілген сес пе ол жағы белгісіз. Бірақ ресми Пхеньянға бұл ұнай қоймасы сөзсіз. 

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Сеулде мыңдаған адам наразылық шеруіне шығып, Солтүстік Корея басшысының елге сапарын болдырмауды талап еткен еді. Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға келесі айда баруы тиіс. 

Жалпы қос Корея арасында биыл үш саммит өтті. Соның нәтижесінде арадағы шекараны миналардан арылту шарасы өтіп, теміржолдарды байланыстыру басталған еді. 

БЛИЦ: – Ким Чен Ынды неліктен қуана қарсы алуымыз керектігін түсінбей отырмын? Президент Мун оған ресми шақыру жібергендіктен бе? Бұл бізге ұнай ма деп, халықтан сұрады ма олар? Осыны бүкіл елімізді басқарып отырған адам істеп отыр, мұнысы дұрыс па? Еліміздің тағдыры не болатынын білмеймін.

Дереккөз: 24.kz

6 қараша 2018, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.