Атырау, 11 желтоқсан 20:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 518.39
€ 603.09
₽ 6.68

Декларацияны қате жазып, екі жылға жазаланды

2 066 рет қаралды


Атырау қаласының №2 соты 49 млн теңге мөлшерде салық төлеуден жалтарды деп айыпталған ЖШС директоры А.-ға қатысты үкім шығарды. Тергеу материалдарына сәйкес, директор жалған шот-фактураларды пайдалана отырып, салық декларациясына көрінеу қате деректер жазған. 

Атырау облыстық МКД-нің Экономикалық тергеулер қызметі анықталған айғақтарға сүйеніп, А.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 245-бабы (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару) бойынша қылмыстық іс көтерді,- деп хабарлады МКД ЭТҚ.

Сот үкімімен А. кінәлі деп танылып, 3 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапты және басқару лауазымдарын атқару тиым салынып, 2 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Фархат ӘБІЛОВ


5 қараша 2018, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.