Жексенбі күні Оңтүстік Корея мен КХДР күшейтілген шекараның екі жағында да күзет бекеттерінің 11-інде сары жалаулар көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.
Сары тулардың көтерілуі - қыркүйек айында екі ел басшылары Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Иннің қатысуымен өткен саммитте қол жеткізілген әскери келісім аясында күзет бекеттерін демонтаждауға жасалған алғашқы қадам. Қорғаныс министрлігінің ресми өкілдерінің хабарлауынша, екі тарап та 22 бекеттің әрқайсысында көлемі 4х3 метр болатын сары жалауларды көтерді.
«Бұл, процестің ашықтығы үшін әр тарапқа күзет бекеттерін қайта монтаждау бойынша жұмыстардың ілгерілеуін бақылауға мүмкіндік береді», - деді министрліктегі дереккөз.
Айта кетейік, эксперименттік негіздегі бұл жұмыстар күзет аймақтарын «бейбітшілік аймақтарына» айналдыру бойынша күш-жігерлердің негізгісі.
Дереккөз: inform.kz