Атырау, 29 қараша 10:49
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкциялары күшіне енді

1 912 просмотра


Шектеу шаралары Тегеранның мұнай саудасынан тауып отырған кірісін айтарлықтай қысқартпақ. 

ашингтон тарабы Иран ядролық жобасына қатысты келіссөздер жүргізуге дайын болғанымен, Еуропа одағы Иранмен орнатылған сауда қатынастарын одан әрі дамытуға ниетті. 

Осыған орай Франция, Германия және Ұлыбритания елдерінің қаржы құрылымдары және сыртқы істер министрлері Иранмен транзакция жүйесін ұйымдастыру жұмыстарын қолға алмақ. 

Жуырда олар Еуропа одағы дипломатия басшысы Федерика Могеринимен бірге осы елмен сауда қатынастарын орнатқан компанияларға қолдау көрсетуге байланысты мәлімдеме жасаған еді. Маңызды құжатта экономика бағытында қызмет етіп жатқан операторларға көмек көрсету жайы баяндалған.

Дереккөз: 24.kz

5 қараша 2018, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.