Қытай өз тыңшыларының Трамптың «айфонын» тыңдап жүргендігі туралы ақпаратты теріске шығарды. Бұл туралы ҚХР сыртқы істер министрі Хуа Чуньин мәлімдеме де жасады.
Енді Хуа Чуньин АҚШ президентіне iPhone орнына қытайлық Huawei пайдалануды ұсынды. Ал осыған дейін АҚШ өзінің әскерилеріне Huawei және ZTE смартфондарын қолдануға тыйым салған еді. Себебі Құрама Штаттар билігі бұл телефондарды «қауіпсіз емес» деп отыр.
Дереккөз: 24.kz