Атырау, 18 желтоқсан 05:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Канада астанасында екі ұшақ әуеде соқтығысып қалды

1 755 рет қаралды


Канада астанасы Оттавада екі ұшақ әуеде соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CTV телеарнасына сілтеме жасап. 

Оқиға 4 қарашада шамамен сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де) болған. Оттава полицейлерінің айтуынша, ұшақтар соғысқаннан кейін біреуі құлап кеткен. 

Ал екіншісі Оттава Халықаралық әуежайына келіп қонған. Төтенше жағдай салдарынан апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқышы қаза тапқан. Канаданың көлік қауіпсіздігі жөніндегі кеңесте әуежайға қонған ұшақтың айтарлықтай бүлінбегені айтылды. 

Ол ұшақта екі адам болған, ешкім зардап шеккен жоқ.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 қараша 2018, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.