Атырау, 29 қараша 10:40
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​АҚШ Қытаймен жаңа сауда келісімін жасаспақ

2 214 просмотра


АҚШ Қытаймен сауда келісімін жасаспақ. «Bloomberg» басылымының мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Аргентинада өтетін G20 саммитінде Қытай басшысы Ши Жиңпиңмен сауда келісімін жасаспақ.

Қазіргі уақытта Ақ үй әкімшілігі Трамптың тапсырмасы бойынша, жаңа сауда келісімінің жобасын жасауға кіріскен. АҚШ пен Қытайдың жаңа сауда келісімін жасауына Дональд Трамп пен Ши Жиңпиңнің 1 қараша күні телефон арқылы тілдесуі себеп болған. Аталмыш тілдесуден кейін Трамп өзінің «Twitter» парақшасына «Тілдесу ұзақ әрі жақсы болды. 

Сауда келісіміне қатысты келіссөздер алдыға қарай жылжуда» деп жазған. Дональд Трамп пен Ши Жиңпиңнің кездесуі 30 қараша мен 1 желтоқсан күндері аралығанда өтетін G20 саммиті аясында болады деп күтілуде. Жыл басынан бері АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы жүруде. Ресми Уашингтон АҚШ-қа келетін Қытай тауарларына салынатын салық көлемін бірнеше рет өсірген. Уашингтонның бұл әрекетіне ресми Бейжің жауап ретінде Қытайға АҚШ-тан келетін тауарларға салық бағасын көтерген. 

Бірақ соңғы салық бағасын көтеруде АҚШ президенті Дональд Трамп:«Егер ресми Бейжің АҚШ-қа тағыда жауап қайтаратын болса, онда біз Қытайдан келетін барлық тауарларға салық көлемін арттырамыз» деп мәлімдеген. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда дауы Дональд Трмаптың Қытай компанияларын зияткерлік меншіктерді ұрлады деген мәлімдемесінен кейін басталған. АҚШ президенті оған дейін ресми Бейжіңге бірнеше рет екі ел арасындағы сауда дефицитін төмендетуді сұраған. Бірақ Қытай тарапы оның бұл мәлімдемесіне құлақ аспаған. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

2 қараша 2018, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.