Атырау, 29 қараша 10:32
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Пашинянның кандидатурасы екінші рет бекітілмеді

1 534 просмотра


Армения ұлттық жиыны Никол Пашинянның кандидатурасын премьер-министр қызметіне тағайындаудан екінші рет бас тартып, ел парламенті таратылды. Депутаттардың бірде-біреуі оны қолдап, не қарсы шығып дауыс берген жоқ. 

13 адам қалыс қалды. Осыған байланысты ел президенті Армен Саркисян ұлттық жиынды таратып, желтоқсан айының 9-ы күні елде кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. 

Еске сала кетейік, Арменияның бұрынғы премьер-министрі Никол Пашинян қазанның 16-сы күні ел парламентін тарату үшін өзінің отставкаға кететінін мәлімдеген. 

Оған осы ұлттық жиынның өзін таратуды қиындататын заң қабылдауы түрткі болды. Себебі, Пашинян мен оның жақтастары пікірінше, бұл парламент халықтың мүддесіне сай келмейді.

Дереккөз: 24.kz

2 қараша 2018, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.