ТМД Үкімет басшылары экономикалық байланысты арттыруға ниет білдіріп жатқан тұста, АҚШ Қытайдан заңсыз технологияны қолдану арқылы жасалған тауарларды импорттауға тыйым салмақ. Бұл туралы Құрама Штаттардың бас прокуроры Джефф Сешнс мәлімдеді.
Оның айтуынша, енді Аспан асты елінің экономикалық тыңшылығына тосқауыл қою үшін жаңа шаралар қолға алынады. Осы мақсатта Федералдық тергеу бюросы мен Әділет министрлігі бірлесіп күресетін бөлім ашуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бельгия билігі өз аумағында қамауға алынған Қытай ішкі қауіпсіздік министрлігінің қызметкері Сю Яньцзюньді АҚШ-қа берген. Америка оған экономикалық тыңшылықпен айналысты деген айып тақты. Олардың айтуынша, бұл қытайлық азамат бірқатар америкалық компанияның құпияларын қолды еткен. Алайда Бейжің бұл айыптарды негізсіз деп мәлімдеді.
Дереккөз: 24.kz