Атырау, 2 қаңтар 05:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Түнде телефон мен интернет аз уақытқа ажыратылуы мүмкін

2 121 рет қаралды


2 қарашаға қараған түні Атырау облысында телекоммуникациялық қызметтер саласында профилактикалық жұмыстар басталады. Осыған байланысты өңірде «Қазақтелеком» АҚ ұсынатын интернет пен басқа қызметтер ішінара ажыратылуы мүмкін.

- Жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 1-10 қараша аралығында түнгі уақытта Атырау облысының аумағында телекоммуникациялық қызметтер – телефон байланысы, интернет және ID TV қызметтері аз уақытқа ажыратылуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарының тек түнде және жекелеген учаскелерде жүргізілетінін атап өтеміз, - деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

1 қараша 2018, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.