Атырау, 25 қараша 14:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау әкімі орынбасарынан облыс әкімінің орынбасарына ауысты

3 556 просмотра


1 қарашада Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына бұрын Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен Нұрлан ТАУБАЕВ тағайындалды. Одан бұрын бұл орында ТКШ саласына жетекшілік еткен Жасұлан СҮЙІНШӘЛИЕВ өз қалауымен лауазымынан босатылды.

42 жастағы Нұрлан Таубаев еңбек жолын 90-жылдары бизнесмен ретінде бастап, кейін Атырау әкімдігінің ТКШ бөлімінің бастығы болып, Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне басшылық етті. Биылғы жылдың ақпанынан бастап кешегі күнге дейін Атырау әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасады.

Актив жиналысының соңында осыған қатысты Облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат ӨТЕШОВ Таубаевты құттықтап:

- Бұл есімді баршаңыз білесіздер, сондықтан жақсы нәтижелер күтеміз, - деп тілек тіледі.

Фархат ӘБІЛОВ

1 қараша 2018, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.