Ұлыбритания мен Еуроодақ 21 қараша күні Brexit келісіміне қол қоймақ ниетте. Бұл шешімді Ирландияның сыртқы істер министрі Саймон Ковни Францияда өткен баспасөз конференциясында құптайтынын айтты.
Осы уақытқа дейін тараптар Біріккен Корольдіктің Еуроодақ құрамнан шығу, Ирландия мен Солтүстік Ирландия шекарасындағы мәселені шешу мен алдағы уақытта Британияның Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынасын шешу мәселесімен айналысқан болатын. Келіссөздер 2017 жылдан бері жалғасып келеді.
Жуырда премьер-министр Тереза Мей Brexit келісімі 95 пайызға дейін дайын екенін айтқан еді. Осылайша, Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан келесі жылдың наурызында шығатын болды. Саймон Ковни, Ирландияның Сыртқы істер министрі: – Мен Ұлыбританияның министрлерімен кездестім. Біраз тақырыптар талқыланды. Көптеген сұраққа жауап таптық. Біріккен Корольдіктің одақ құрамынан шығу келісімі осы айда бекітілгені дұрыс болады.
Дереккөз: 24.kz