Атырау, 18 желтоқсан 05:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Ресейде Федералды қауіпсіздік қызметі ғимаратында бомба жарған жасөспірім болып шықты

8 862 рет қаралды


Тергеу комитеті "Теракт" және "Заңсыз қару-жарақ ұстау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Бастапқы мәлімет бойынша, Федералды қауіпсіздік қызметінің Архангельск басқармасының ғимаратында бомбаны жасөспірім жарып жіберген.

Қолдан жасалған жарылғыш затты 17 жастағы жергілікті тұрғын алып кіріпті. Жарылыс салдарынан жасөспірімнің өзі қаза тапқан, деп хабарлады Ресейдің Тергеу комитеті.

Комитет берген мәлімет бойынша, үш қызметкер жарақат алған.

Қазір Теракт" және "Заңсыз қару-жарақ ұстау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Сәрсенбі күні Архангельск облысы бойынша Федералды қауіпсіздік қызметі басқармасының ғимаратында жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш қызметкер зардап шегіп, жарылыс жасаған күдікті жасөспірім қаза тапқан.

 Тергеу комитеті болған оқиғаны теракт деп атап, қылмыстық іс қозғады.

Қазір қылмыстың мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары атқарылып жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

1 қараша 2018, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.