Атырау, 29 қараша 11:55
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Журналист Хашукджидің денесін бөлшектеп, жойып жіберген - Ыстамбұл прокуратурасы

1 614 просмотра


Сауд журналисі Жамал Хашукджиді Сауд Арабиясының бас консулдығында қылғындырып өлтіргеннен кейін денесін бөлшектеп, жойған. Ыстамбұл прокуратурасы осылай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Құқыққорғаушылар қаскөйлердің алдын ала жоспармен әрекет еткенін атап отыр. Түркияның басқарушы партиясының өкілі журналистің жоғары деңгейден берілген бұйрықпен өлтірілгенін айтады.  Сауд Арабиясының бас прокуроры Сауд әл-Муаджибтің Түркияға келіссөздерге баруы нәтиже бермегені айтылады. 

"Сауд тарапы біздің қойған кісі өлтіру жоспарының болған-болмағаны, қылмыскерлердің сыбайласы және дененің табылуы жайлы сұрақтарға жауап бермеді", - делінген мәлімдемеде. 

Хашукджидің өлімін тергеу аясында Түркияға барған әл-Муаджиб Ыстамбұл прокуроры Ирфан Фиданмен екі рет келіссөз жүргізген, кейін Ыстамбұлдағы сауд бас консулдығын көріп қайтқан.  Америкалық Washington Post газетінің шолушысы болып жұмыс істеген сауд журналисі Жамал Хашукджи 2017 жылдан бері АҚШ-та тұрып келген, ол Түркияда 2 қазанда, Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы бас консулдығына барғаннан кейін жоғалып кеткен. 

Әр-Риядтың мемлекеттік БАҚ-тары 20 қазанға қараған түні Хашукджидің өлгенін хабарлады. Оның өліміне консулдық қызметкерлерімен жанжалдасуы себеп деген нұсқа айтылды. Тергеу аясында 18 адам ұсталған.

Дереккөз: tengrinews.kz

1 қараша 2018, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.