Атырау, 22 қараша 03:22
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Ақындар Атырауда бас қосты

Бейнежазба
6 619 просмотра


25-26 қазанда Атыраудағы «Жастар» мәдениет үйінде Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы өтіп, елімізден және Қырғызстан мен Моңғолиядан 20 ақын қатысып өнер көрсетті.Айтыстың 2 млн теңге бас жүлдесін оралдық ақын Жансая МУСИНА жеңіп алды.  

Жыр додасын Халықаралық ақындар мен жыршы термешілер Одағының төрағасы Жүрсін ЕРМАН жүргізіп, ақындарға қазақ киносы мен театрының ардагері Асанәлі ӘШІМОВ төрағалық еткен ақын-жазушылар баға берді.

Айтыстың бірінші айналымын қорытындылаған қызылордалық Мұхтар НИЯЗОВ пен Батыс Қазақстан облысынан келген Талғат МЫҚИДЫҢ айтысы қоғамдағы өзекті мәселелерге құрылып, тартысты өтті. Айтпақшы, айтыс болардан бір күн бұрын Талғаттың жұбы айтысқа қатыспайтын болып, Мұхтар Ниязов айтысқа астанадан жедел шақырылған болатын.

Сайыс қорытындысында бірінші орын мен 1,5 млн теңгені Рүстем ҚАЙЫРТАЙ (Семей) еншілесе, екінші орын мен әрқайсысына 1 млн теңге қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Әсем ЕРЕЖЕПКЕ бұйырса (Семей), үшінші орынды (750 мың теңгеден) атыраулық Өнербек ДӘУЛЕКЕНОВ, павлодарлық Аспанбек ШҰҒАТАЕВ және Серік ҚУАНҒАН (Моңғололия) алды. Мұрат Мөңкеұлы атындағы арнайы жүлде Нұрлан ЕСЕНҚҰЛОВҚА (600 мың теңге) бұйырды. Қалған ақындарда құралақан қалмады, олар 200 мың теңгемен марапатталды.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

30 қазан 2018, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.