Атырау, 18 желтоқсан 02:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Әлемдегі ең бай адам екі күнде 19 миллиард доллардан айырылды

2 447 рет қаралды


Бірнеше нұсқа бойынша ең бай адамдар тізімінде көш бастап тұрған Amazon басшысы әрі иегерлерінің бірі Джефф Безос компаниясының акциясы төмендеуіне байланысты екі күнде 19,2 миллиард доллардан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости

Жұмада Amazon акциялары 7,8 пайызға төмендеді, ал дүйсенбіде - тағы 6,3 пайызға құлдырады. Инвесторлар компанияның есеп беруіне қанағаттанбаған, олар өздері болжаған табыстан әлдеқайда төмен пайда түсірген. Акцияның құлдырауына жаһандық сауда қорының әсер етуі де салдарын берді. 

Соның салдарынан Amazon басшысы 19,2 миллиард доллардан айырылды. Бұл аз уақытта болған рекордтық қаражат. Қазіргі уақытта Безостың байлығы - 128,1 миллиард долларға бағаланады, соған қарамастан ол әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орынды сақтап қалды.  Бұған дейінгі рекорд Facebook әлеуметтік желісінің құрылтайшысы Марк Цукербергке тиесілі. Ол маусымда екі күн ішінде 16,5 миллиард доллардан айырылған еді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

30 қазан 2018, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.