Атырау, 18 желтоқсан 02:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Индонезияда 188 адам мінген жолаушылар ұшағы құлады

1 346 рет қаралды


Lion Air ұшағының сынықтары теңіз жағалауынан табылды. Lion Air әуе компаниясының ішкі рейсті орындайтын ұшағы Индонезияның батыс жағалауы аумағында теңізге құлады, деп хабарлады РИА Новости.

Дүйсенбі күні таңертең Джакартадан Суматра аралына бағыт алған ұшақпен 13 минуттан кейін байланыс үзілген.

Тағы бірнеше минуттан кейін теңіздегі азаматтық кемелерден Батыс Ява жағалауынан ұшақтың сынықтары табылғаны туралы ақпарат түсті.

Кейбір мәліметтер бойынша, ұшақ бортында 188 адам болған.  

Дереккөз: sputniknews.kz

29 қазан 2018, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.