Атырау, 25 қараша 17:54
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оралмандар Атырауда қалғанды жөн көреді

1 974 просмотра


Жыл басынан бері Атырау облысында 26 494 жұмыс орны ашылған және, керісінше, 18 кәсіпорында 517 адам қысқарған. Басқа елдерден келген 129 этникалық қазаққа “оралман” мәртебесі берілді. Соның ішінде, Қытайдан келген 19 қазақ бар. Брифингте облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ осы және басқа да цифрларды мәлімдеді.

«АЖ» сауалдары:

- Біздің өңірімізде қанша шетелдік азамат жұмыс істейді?

- Жыл басынан бері 8289 шетел азаматына жұмыс жасауға рұқсат берілді. Біздің басқарма шетелдіктің рұқсат беру туралы өтінімінде көрсетілген мамандықтың кейіннен оның өндірістегі нақты жұмыс орнына сәйкес келуін қадағалауға тырысады. Сәйкес келмеген жағдайда (мұндай жағдайлар болған) рұқсат күші жойылып, заң бұзушы Қазақстаннан шығарылады.

- “Оралман” мәртебесін беру кезінде қиындықтар туындамай ма?

- Ешқандай. Бұл тәртіп баяғыда жолға қойылған. Олар ХҚКО-на құжаттарын тапсырады, бірқатар заңды рәсімдерден кейін оларға мәртебе беріледі.

- Оралмандар қайда қоныстанады?

- Басым бөлігі Атырауда қалғанды жөн көреді. Жылыой ауданында 35 адам, Мақат ауданында 5 және Құрманғазы ауданында 2 адам еңбек етіп, тұрып жатыр.

- Біздің өңірімізде мүмкіндіктері шектеулі қанша жан бар? Пандустарға қатысты проблема қалай шешілуде?

- Облыста мүмкіндіктері шектеулі 21 532 адам тіркелген, оның 3 319-ы - кәмелетке толмағандар. Иә, кей жерлерде пандустар жоқ немесе стандартқа сай келмейді. Қазір облыстық әкімдік жанындағы арнайы комиссия осы мәселемен айналысып жатыр. Тексереміз, айыппұл саламыз.

- Медициналық көрсетілімі бар әрбір мүгедекке жылына бір рет шипажай-курорттық ем тиесілі. Жыл басынан бері осындай қанша жолдама берілді?

- Бұл мақсатқа жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. Биыл 275 миллион теңге бөлініп, 2790 жолдама сатып алынды.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

27 қазан 2018, 22:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.