Атырау, 25 қараша 17:27
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Бас прокуратурамен келіспесек те, орындауға мәжбүрміз"

1 820 просмотра


ҚР Бас прокуратурасының алқасында қозғалған тақырыптардың бірі энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жұмысы болды. Атап айтқанда, бұған «Атырау Энерго Сату» ЖШС де ілікті: «Мәселен, «Атырау Энерго Сату» баға келісу кезінде жеке тұлғаларға 413 млн квт сағатты 5,3 теңгеден, ал мемлекеттік мекемелер мен компанияларға 858,3 млн квт/сағатты 18 теңгеден сататындығын мәлімдеді. Квт/сағаттың орташа құны 11,6 теңге болды. Бірақ іс жүзінде 2017 жыл ішінде заңды тұлғаларға 380 млн/сағатқа көбірек сатылып, орташа салмақталған тариф 13,8 теңге болды. Бұл монополияға қарсы орган мақұлдаған мөлшерден 20 пайызға көп. Нәтижесінде, «Атырау Энерго Сату» 1,2 млрд теңге көлемінде негізсіз табыс тапқан».

Біз «Атырау Энерго Сату» директорының орынбасары Тұрлан ДОШАТОВТАН осы ахуалға қатысты комментарий беруін өтінген едік:

- Даулы мәселе. Бірақ біз ҚР Бас прокуратурасының ұйғарымын алған бойда - тамызда бірден орындауға кірістік. Аталмыш соманы өтеу мақсатында биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 желтоқсанына дейін тұрғындар үшін электр энергиясына төмендетілген тарифті енгіздік. Қазір Астана осы іске қатысты барлық құжатты сұратып отыр. Негізсіз табыс сомасын қайта есептемек. Біз дұрыс есептелмеген деп санаймыз.

- Сіз Бас прокуратураныкі дұрыс емес деп есептейсіз бе? Негізсіз табыс сомасы бір миллиард теңгеден астам деген ұйғарыммен келіспейсіз бе?

- Келіспейміз. Бірақ ұйғарымды орындау керек, біз соны орындап жатырмыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 қазан 2018, 22:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.