Атырау, 18 желтоқсан 02:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Facebook Иранмен байланысты 82 аккаунтты жойды

2 039 рет қаралды


Facebook компаниясы осы әлеуметтік желі мен Instagram-дағы Иранмен байланысы болуы мүмкін 82 аккаунтты жойды.

Бұл “фейк аккаунттар” нәсіл, көші-қон және тағы басқа нәзік тақырыптарға қатысты арандататын материалдар жариялаған. Олардың АҚШ және Ұлыбританияда миллионнан астам оқырманы болған.

Бұл аккаунттар өздерін “америкалық және британдық ақпарат көздері” ретінде атап, жазбалар жариялаған. Digital Forensic Research Lab зерттеу орталығының дерегінше, олардың негізгі аудиториясы либералды көзқарастағы америка тұрғындары болған.

Зерттеу орталығының пікірінше, жойылған аккаунт иелері арандататын материалдар таратып, саяси белсенді топтарды өздеріне тартуға тырысқан. Осылайша қоғамдық пікірді бұрмалағысы келген.

Дереккөз: azattyq.org

27 қазан 2018, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.