Атырау, 15 маусым 21:06
 дождьВ Атырау +27.9
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74

​Регресс: Facebook компаниясы жауапқа тартылды

1 369 рет қаралды


Facebook басшыларына 645 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды. Әлеуметтік желідегі қолданушылардың жеке мәліметтері Cambridge Analytica британдық компаниясына сатылып, Ұлыбританияның құпия ақпаратты қорғау заңнамасы өрескел бұзылған.

2007-2014 жылдар аралығында 90 млн-ға жуық қолданушының мәліметтері қолды болған. Мәлім болғандай, мұндай әрекет 2016 жылы өткен Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығу референдумының нәтижесі мен АҚШ-тағы президенттік сайлау қорытындысын алдын-ала анықтау үшін жасалынған. 

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда. Бірақ Cambridge Analytica компаниясы айыпты жоққа шығарып отыр. Ал Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Америка Конгресі алдында жауапқа тартылды. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

26 қазан 2018, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.