Атырау, 29 қараша 11:52
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​АҚШ Хашагджидің өліміне қатысты саудиялықтарға санкция енгізді

Бейнежазба
1 680 просмотра

АҚШ билігі Джамаль Хашагджидің өліміне қатысы бар деген саудиялық шенеуніктерге санкциялар енгізді. Енді оларға Құрама штаттарына кіруге тыйым салынбақ. 

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның  хабарлауынша, кінәлі тарап бұл жазамен ғана шектелмейді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп тілшілерге берген сұхбатында да Эр-Риядтың іс-әрекетін қатаң сынға алды. Дональд Трамп, АҚШ Президенті: - Хашагджидің өлімі Сауд Арабиясының беделіне нұқсан келтіргені рас. 

Міндетті түрде тиісті шара қолданылады. Жуырда Сауд Арабиясының ханзадасымен  хабарласқанда оның бұл іске еш қатысы жоқ екенін айтты. Оған басқа адамдар жауапты. Тергеу ісі әлі де жалғасып жатыр. Көп ұзамай нақты ақпарға кол жеткіземіз.  

Естеріңізге сала кетейік, Джамаль Хашагджи қазанның 2-сі Стамбулдағы Сауд Арабия консулдығына кіргеннен кейін ізім-ғайып жоғалып кетті. Марқұмның денесі Стамбул қаласында табылды. Сауд Арабиясы журналисттің өлімін мойындағаннан кейін халықарлық қауымдастықтың қатаң сынына ұшырады.


Дереккөз: 24.kz

25 қазан 2018, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.