Атырау, 25 қараша 17:55
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Керек емес кедергілер

1 805 просмотра


Атырауда көппәтерлі үйлердің аулаларына заңсыз орнатылған көлік қоршауларын бұзып жатыр. Бұл науқанға қала әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ жетекшілік етті.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын үйлердің аулаларындағы жасанды қоршауларды бұзу жөніндегі рейдтік шаралар «көлік қозғалысына, апат қызметтеріне кедергі келтіретін заңсыз орнатылған шлагбаумдарға, жасанды кедергілерге, бетон құрылымдарға қатысты қала тұрғындарының көптеген шағымдарынан» кейін басталған.

- Өткен демалыс күндері жүргізілген рейд барысында тоғыз аулада тұрғындардың жасанды кедергілерді өз еріктерімен орнатқандығы анықталды, - дейді қалалық ТКШ бөлімі бастығының орынбасары Эдуар ОСПАНОВ. – Олардың бәрі бұзылды. Қайталанған жағдайда тұрғындарға қатысты әкімшілік санкциялар қолданылады.  

Фархат ӘБІЛОВ

25 қазан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.