Атырау, 5 желтоқсан 12:17
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Саунадағы жеңгетай

4 679 рет қаралды


№2 Атырау сотында 36 жастағы Өзбекстан азаматшасына қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы (жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот Привокзальныйдағы сауналардың бірінде әкімші болып жұмыс істеп жүрген М.-ның 2018 жылдың қыркүйегінде саунадағы екі клиенттің өтініші бойынша оларға интимдік қызмет үшін қыздар шақырғанын анықтады.

Келушілер жезөкшелерге 12 мың теңге төлеген, оның екі мыңы жеңгетайдың үлесіне тиген. Оны полицейлер осы ақшаны алу кезінде ұстады.

Сот барысында М. өз кінәсін толық мойындады, қылмыстық іс бойынша дәлелдерге қарсы келмей, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сот оны орташа қауіпсіздіктегі мекемеде 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 қазан 2018, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.