Атырау, 18 желтоқсан 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​АҚШ-тағы сайлау: 7 млн адам мерзімінен бұрын дауыс берді

2 111 рет қаралды


АҚШ-тағы аралық сайлау алдында 7 млн адам мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The New York Times газетіне сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, АҚШ-тағы бұл жолғы аралық сайлауға Республикашылдар партиясын жақтайтындар ерекше қызығушылық танытып отыр. АҚШ-та алдын ала дауыс беру жеке және пошта арқылы жүргізіледі. Бірінші нұсқаны таңдайтын сайлаушылар, статистикаға қарағанда, әдетте демократтарды қолдайды. 

Пошта арқылы негізінен егде жастағы америкалықтар дауыс береді. Айта кетейік, 6 қарашада өтетін сайлауда 100 сенатордың 35-і, Конгресс Өкілдер палатасының 435 мүшесінің барлығы, сондай-ақ штаттар мен аумақтардың 39 губернаторы қайта сайланады.

Өкілдер палатасындағы республикашылдар мен демократтардың қатынасы 236-ға 193 болып отыр. Тағы алты орын бос тұр. Конгрестің төменгі палатасын бақылауға қол жеткізу үшін демократтар қосымша 23 мандат алуы тиіс.

Дереккөз: inform.kz

24 қазан 2018, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.