Атырау, 18 желтоқсан 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Путин мен Мирзиеев Кәрімов жасап кеткен жүйені қайта құруда

2 218 рет қаралды


Осыдан бірнеше күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстанға сапарлай барды. Оны Ташкент тағының иегері Шавкат Мирзиеев асқан қонақжайлықпен күтіп алды. БАҚ біткен Путин мен Мирзиеев мінген кортеждегі автокөліктердің санына, түсін, маркасын жарыса жазды. 

Бірақ бүгін біз Ресей мен Өзбекстан басшыларының Ташкенттегі бас қосуда қандай келісімдерге келгеніне қысқаша тоқталмақпыз. Ұзақ жылдық үзілістен кейін өткен осы жолғы Ташкент бас қосуында Владимир Путин мен Шавкат Мирзиеев 12 мемлекет аралық келісімге қол қойды. Оның ішінде 27,1 млрд доллар аймақ аралық, 1,76 миллиард доллар сауда-саттық, 25,3 миллиард доллар инвестициялық келісім құжаттары бар. 

Бұдан бөлек қос тарап Өзбекстан аумағында Орталық Азиядағы ең алғашқы атом электр станциясының құрылысын бастау жөнінде уағдаласты. Келісім бойынша, АЭС құрылысы Ресейдің «Росатом» компаниясының қатысуымен жүзеге асырылады. Бұдан бөлек кездесу барысында Ресей президенті өзінің өзбекстандық әріптесіне әскери көмек қолын созуға дейін екендігін айтты. 

«Біз әскери-техникалық әріптестік орнатуға дайынбыз. Бұған соңғы үлгідегі әскери қару-жарақтарды тасымалдау ғана емес, әскери техникаларды Өзбекстан аумағында бірлесіп құрастыруда кіреді» - деп мәлімдеді Владимир Путин. Жалпы, Путин мен Мирзиеевтың бұл жолғы кездесуі Ислам Кәрімов жасап кеткен жүйені қайта құру сияқты әсер қалдырды. Ресей президенті кездесу барысында «Кәрімовқа арнап Мәскеуде ескерткіш орнаттық» деген бір ауыз сөзден басқа экс-президент жөнінде ләм-мим демеді.

Себебі Кәрімов тұсында ресми Ташкент Мәскеудің инвестициясынан бастап, әскери қару-жарақтарына дейінгі аралықтағы дүниелерінің барлығынан бойын аулақ ұстайтын. Өз кезінде Кәрімов тікелей Кремльдің бақылауындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім шарт ұйымының құрамынан да шығып кеткен. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

24 қазан 2018, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.