
АҚШ-қа қарай бет алған мигранттар кері қайтар емес. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Латын Америка елдерінен шыққан келімсектердің саны 7 мыңға жетті.
Олар керуенге жол бойы қосылуда. Жуырда ақ үй басшысы Дональд Трамп Мексика билігін мәселені шешпесе, шекараны әскерилермен жауып тастайтынын ескерткен еді.
Дональд Трамп, АҚШ Президенті:
– Латын Америка елдеріне қанша рет қаржылай көмек бергенмен, түк нәтижесі шықпады. Халық өз елдерінен бас сауғалап қашып барады. Бұл әділетсіздік деп санаймын. Мигранттардың мәселесі әлі күнге дейін шешілмей отыр.
Дональl Трамптың айтуынша, келімсектердің АҚШ аумағына заңсыз өтуі демократиялық партияның кесірінен болып отыр. Мәселен, дәл осы партия мүшелері кезінде республикашыл партиясына мигранттарға қатысты тиісті заңды өзгерту үшін жеткілікті дауыс бермеген.
Дереккөз: 24.kz
В Атырау +1