Атырау, 25 қараша 17:52
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Батпақта жүретін көлік пен мұржалар туралы

2 620 просмотра


Атырау облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі басқармасының бастығы Жасболат БЕРЖАНОВ брифингте келесі жылы департаменттің жол талғамайтын батпақта жүретін қуатты көлік сатып алатындығын, сол кезде теңіз жағалауындағы «Ақ жайық» резерватының қамыс қопаларында орын алатын өрттермен ойдағыдай күресуге болатынын хабарлады.

Бірақ алдымен статистика келтірді: жыл басынан бері өңірімізде 243 өрт болып, 12 адам көз жұмған, 8-і күйік алған, жалпы материалдық зиян 24 млн теңге болған.

«АЖ» сауалдары:

- Шілдеде резерватта өрт болып, Атырауды түтін тұмшалап, ыс басқан еді. Өрт себебі анықталды ма?

- Бұл «адами фактор». Өкінішке орай мұндай жағдайда кінәлілерді табу өте қиын.

- Қамыс өртенген кезде, әдетте, ТЖД баспасөз хабарламасында өрт сөндіру техникалары жүре алмайтындықтан батпақты жерлердегі өртті сөндіру қиындық тудырады деген сілтемелер жасалады. Бұл жағдайдан шығатын жол бар ма?

- Бізге 2019 жылы батпақты жерлерді еңсеру үшін арнайы жасалған жол талғамайтын көлікті сатып алуға қаржы бөлінеді деп уәде берді.

Содан кейін «ҚазТрансГаз аймақ» АҚ Атырау филиалының бас маманы Орынтай ТІЛЕПБЕРГЕНОВА сөз алды:

- Кейбір түсініксіз адамдар үйлерді аралап, біздің компания атынан ақылы негізде газ қазандықтарына арналған мұржаларды тексеріп жүреді. «ҚазТрансГаз Аймақтың» мұржаларды тексерумен айналыспайтынын хабарлаймын. Сондықтан тұрғындардың мәжбүрлеп көрсететін қызметтен бас тартуға толық құқығы бар. Шынымен де, құбырлар бітеліп қалған жоқ па, әлсін-әлі тексеріп тұру керек, бұл басқа мәселе, әйтпесе, қиын жағдай туындайды. Өйткені жыл сайын улану саны артуда. Тіпті, өлі мысықтар мен көгершіндер табылған кездер де болған.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

24 қазан 2018, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.