
Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Әділет және даму партиясы мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде араб журналисі Джамаль Хашагджидің өлімі жазатайым болмағанын басып айтып өтті.
Оның мәлімдеуінше, журналисті Сауд Арабиясынан келген 15 адам мен Түркиядағы араб консулдығынан тағы 3 адам жабылып өлтірген. Сондай-ақ консулдықтағы камералар Хашагджи ғимаратқа кірген соң сөндірілген.
«Оқиға Сауд Арабиясы консулдығының ішінде болғанымен адамның Түркия жерінде өлтірілгенін ұмытпайық. Сол себепті қылмыскерлер түрік жерінде сот алдында жауап берулері тиіс», - дейді Ердоған.
Дереккөз: 24.kz
В Атырау +1