Атырау, 22 қараша 13:33
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Құрманғазыны жеңген Балабайсан

Бейнежазба
6 896 просмотра


Қазақтың құдіретті күй өнері батыс өңірде кең дамығаны тарихтан белгілі. Өңірімізде Құрманғазы, Дина сынды бүкіл елге танымал дауылпаз күйшілерімізбен бірге  сол дәуірде Балабайсан ДАУЫЛҰЛЫ да күй өнерінде өшпес ізін қалдырып кеткен.

Баламайсан Дауылұлы (1835-1905) қазіргі Атырау облысы Индер ауданына қарасты «Шолан тауы» деген жерде дүниеге келген. Тегі - Жайық Беріш. Бүгінде күйшінің өмірі мен шығармашылығы туралы Жергілікті ақын, марқұм Мәжит МҰХТАРОВТЫҢ естеліктерінен және «Дендер» газетінің редакторы Жанай АМАНТУРЛИННІҢ «Дүниеғапыл» кітабынан оқып білуге болады.

Бізге белгілі мәліметтер бойынша, Балабайсан Құрманғазымен күй сайысына түскен. Күйтартыстың ережесі де ерекше. Екі киіз үй тігіліп, бірінде күйшілер, екіншісінде қазылар алқасы отырады. Орындаушыларды баға берушілер көрмеу керек. Бір күйші үш күй орындайды: бірі өз күйі, екіншісін қазылар алқасы ұсынады, үшінші күй ерікті. Күй орындалып болған соң, қазылар алқасы күйшілерді жинап, рет санымен бағасын хабарлайды. Тартыс қорытындысында Балабайсан жеңімпаз атанады. Алайда күйші жүлдені жасы үлкен Құрманғазыға берген деседі. Балабайсанға Махамбеттің қазасы қатты әсер етіп, қайғырады. 13 жасар бала күйші «Қаралы Қарой» деген күйін шығарады. Сүйгеніне қосыла алмай, өзінен бірнеше жас үлкен шалдарға еріксіз ұзатылған қыздарға арнап «Мұңды қыз», «Барша қыз», Исатай-Махамбет көтеріліс туралы жырлағаны үшін орыс патшалығының қуғынына ұшырап, Тәжік жеріне кетпек болған Шынияз Шанайұлына арнап «Қош бол, Шынияз ата», шәкіртіне арнап «Салауат», циклды «Қыз Ақжелең», «Сипай салды Ақжелең», «Кербез Ақжелең», «Келіншек», «Шалқыма» күйлерін дүниеге келтіреді.

Байсанның күй орындау шеберлігі өзіндік ерекшелігімен дараланып тұрған. Жанға жайлы лирикалық әуен, сазды көңіл күй. 

Күйшінің Сәли, Ибін атты екі ұлы болады. Олардан тараған ұрпақ Атырау және Батыс Қазақстан облысында бар көрінеді. Күйшінің сексен жасында шығарған «Дүниеғапыл» күйі кең тарап кеткен, ол оны өз жұбайына арнаған деседі.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

Видеоны түсірген автор

23 қазан 2018, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.