Атырау, 25 қараша 16:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алдымен құбыр, сосын - жер

2 162 просмотра


Бүгінде Атырау облысы Құрманғазы ауданы бойынша тұрғын үй құрылысын салуға жер алу кезегінде 1527 адам тұр. 2002 жылдан бері тұрғындарға жер берілмеген. Жергілікті билік мұны инфрақұрылымсыз жер берілмеу заңдылығымен түсіндіреді.  Алайда жақын әзірде бұл мәселе шешімін табады деп сендірді.

- «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, жайластыру және сатып алу» бағдарламасы бойынша қолданыстағы «Нұрлы жер» түрғын үй құрылысы бағдарламасының басым бағыттарын іске асыру үшін қомақты қаржы бөлінуде,-дейді аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Сәтжан САҚТАҒАНОВ.

Оның айтуынша, Құрманғазы ауылының батыс бөлігіндегі «Шипажай», «Болашақ» ықшамаудандары жаңадан қалыптаспақшы. Қазір бұл жерлерге инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым – газ, су, жарық нысандары салынып жатыр. Бұған бюджеттен 1 млрд 550 мың теңге қаралған. Жұмыстарды «Қарағанды жолдары» ЖШС жүргізіп жатыр. Келесі жылы «Шипажайдан» 400, «Болашақ» ықшам ауданынан 68 адамға жер беріледі деп күтілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА     

Суретті түсірген автор

23 қазан 2018, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.