Атырау, 25 қараша 16:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құм құрсауындағы ауыл

Сурет Бейнежазба
8 939 просмотра


Атырау облысы Исатай ауданындағы Нарын құмында орналасқан  Исатай станциясында 300-дей үйде 1500-ге жуық адам тұрады. Бұл елді мекеннің жылдар бойғы ең үлкен мәселесі – құм көшкінін тоқтату.  

Расында ауылдың шеткері жағына шықсаң-ақ бұйрат-бұйрат, шеті мен шегі көрінбейтін ақ шағылды қалың құм иектеп жатыр. Үйілген құмдар ауыл іргесіне жақындап қалған. «Жаңадан салып жатқан үйіміздің жері бұрын тап-тақыр еді. Енді құм баса бастаған. Ондайда көлік те жақындай алмайды, қалың құм жүргізбейді»,- дейді ауыл тұрғыны.

Мәрзия НҰРМҰХАНОВА, ауыл тұрғыны:

- Қатты жел тұрғанда көз көрсетпес шаң болады. Біздің құдығымызды жиі басып қалады, аршып аламыз.

Ауылдық әкімдік қызметкері  Бекнұр НАРМАҒАМБЕТОВА:

 - - Демеушілік көмектің арқасында құмдар тасылып шығарылды. Құм көшкіні жылма-жыл болып тұрады.

Соңғы 4 айда  тұрғындардан ауласын, үйін, қорасын құм басқан 15 арыз түскен. 80 көлік құм шығарылды.

- Бұдан бес жылдай бұрын ауыл құм арасында қалған еді. Сексеуіл еккелі ондай орасан құм келіп жатқан жоқ,- дейді Исатай ауылы округінің әкімі Ұлболсын ХИСЫМ. – Құм шығару жұмыстарын жалғастырып жатырмыз.

- Құм көшкінін алдын алудың басқа жолдары жоқ па?

- Тек сексеуіл егіп, көлікпен құм шығарудан басқа жолы жоқ. 2015-2017 жылдары 39 млн теңгеге 11 гектар жерге сексеуіл егілген болатын. Бүгінде ол біздің балансымызда. Биыл Жетіауыл мен канал маңына 9 гектар жерге сексеуіл егу жұмыстарының сметалық жобасы әзірленіп жатыр. Бұл облыстан тендер өткесін іске асады деп отырмыз.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор     

23 қазан 2018, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.