Италия астанасы бір күнде көлге айналып шыға келді. Шелектеп жауған бұршақ аралас жаңбырдан Рим көшелері мен метроны және жер-төлелерді су басты.
Салдарынан жол қозғалысы тұралап, тұрғындарды әлекке салды. Кей жерлерде оның деңгейі 1 жарым метрге жеткен. Жауын елдің оңтүстік аудандарынан келіп, бұған дейін бірнеше қалада да осындай көрініс болған.
Ал синоптиктердің айтуынша, ауа райының бұзылуына осы айда күннің әдеттегіден неғұрлым жылы болуы әсер еткен. Бірақ мамандар жақын күндері күн суыта бастайды деп отыр.
Дереккөз: 24.kz