Атырау, 24 желтоқсан 03:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Теңіз қамысындағы «құйын» сөндірілді

4 194 рет қаралды


Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 19 қазанда Атыраудан 30 шақырым жердегі Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.  Өртенген алаң шамамен 11 гектар болған. Бұл - жұма күні қала тұрғындарының көпшілігі көрген құйынға ұқсас түтін бұлты.

Алғашқы күні түн ортасына қарай 3 гектар жердегі өрт сөндірілді, 20 қазанда кешкісін – тағы 7 гектар, 21 қазанда сағат 19-да 1 гектар алаңдағы өрт сөндірілді.

- Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Ахуал бақылауға алынды, жақын маңдағы ауылдық округтердегі елді мекендерге қауіп жоқ, - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Фархат ӘБІЛОВ

22 қазан 2018, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.