Атырау, 29 қараша 13:44
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Трамп Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығатынын мәлімдеді

1 238 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығатынын мәлімдеді. Трамптың сөзінше, ресми Мәскеу АҚШ-пен арадағы зымыран келісімінің шарттырын орындап отырған жоқ. 

Ол өз сөзінде: «Егер Ресей мен Қытай жаңа бағытта жұмыс істеуге келіспесе, біз зымыран келісімінен шығып, қарудың жаңа түрлерін құрастыруға кірісеміз» -деп мәлімдеді. 

АҚШ пен Кеңестер одағы 1987 жылы зымыран келісіміне қол қойған. Келісім бойынша, қос тарап 300-ден 3400 миль қашықтаққа дейін жерден ұшырылатын баллистикалық зымырандарды шығармауға уағдаласқан.

Келісімге сол кездегі АҚШ президенті Рональд Рейган мен Кеңес Одағының басшысы Михаил Горбачев қол қойған. АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін Михаил Горбачев «Интерфакс» басылымына берген сұхбатында Ақ үй әкімшілігінің Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығуы үлкен қателік екендігін айтып, «ядролық қарусыз әлем» жақтастарын аталмыш келісімді сақтап қалуға шақырды.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Сочи қаласында өткен «Валдай» пікірталас клубының отырысында ядролық соғыс жөнінде мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Біздің ядролық қаруды пайдалануымызда бірінші болып соққы жасау концепциясы жоқ. Егер қандай да бір арандатушы Ресейге ядролық шабуыл жасайтын болса, біз оған міндетті түрде жауап береміз. Арандатушы өзінің жазасыз қалмайтынын, көзінің жойылатынын білуі тиіс. Біз арандатушының құрбаны ретінде жұмаққа барамыз. Ал олар өледі» - деп мәлімдеген. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

22 қазан 2018, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.