Атырау, 18 сәуір 21:53
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Атыраулық әйелдің өлімі Әзірбайжан телеарнасының эфирінде анықталды

3 603 просмотра


Бұл қайғылы оқиға Қазақстанда айтарлықтай резонанс тудырды. Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Атыраудың 33 жастағы тұрғынының өлімі туралы хикая оның туыстары мен Әзірбайжан телеарнасының «Сені іздеймін» бағдарламасының арқасында ашылды.

Табысты бизнесі бар - «Дина» базарында азық-түліктердің көтерме саудасымен айналысатын А. біраз уақыт бұрын әлеуметтік желі арқылы 29 жастағы Әзірбайжан азаматы Йолч Юсуфовпен танысқан. Биылғы жылдың 27 мамырында ол Әзірбайжанға ұшып барып, Юсуфовпен үш күн Огуз қаласында болған. Кейін әуе рейсімен үйіне кету үшін екеуі Бакуге аттанады. Бірақ әйел еліне оралмады, туыстарымен де байланысқа шықпайды.

А.-ның ағасы Юсуповпен телефон арқылы сөйлеседі. Оның жалтарма жауаптарынан бірдеңе болғанын сезеді. Сол кезде ағасы «Сені іздеймін» телебағдарламасына жүгінеді. Бұл адамдарды іздейтін ресейлік «Күт мені» ток-шоуының Әзірбайжандағы танымал баламасы. Жүргізуші Хошгедем Бахшалиева өз бағдарламасында Қазақстанның жоғалған азаматшасы іздестіріліп жатқаны туралы хабарландыруды жариялайды, содан кейін маусым айында Юсуповты және Бакуге келген Айгүлдің ағасын түсірілімге шақырады.

Теледидарда олардың диалогы шиеленісе түседі. Ағасының «Қарындасым қайда?» деген сұрағына Юсуфов неліктен екені белгісіз, әртүрлі жауап береді: біресе Бакуден Мәскеуге ұшып кетті десе, біресе А. басқа танысымен кездесетіндіктен онымен әуежайда қоштасқанын айтады. Содан соң ол А.-ның апатқа ұшырағанын, ауыр жарақат алғанын айтып, жоғалған іскер әйелдің бауырынан оны «емдеуге» ақша сұрайды.

Юсуфовтың телеэкрандағы мұндай әрекеттері Әзірбайжан құқық қорғау органдарын елең еткізеді, хабар көрсетілгеннен кейін ол полицияға дереу шақырту алады. Сол жерде ол А.-ны буындырып өлтіргенін мойындап, денесінің қай жерде екенін көрсетеді. Полиция қызметкерлері шынымен де А.-ның денесін Бакудан 30 шақырым жерде орналасқан теңіз жағасындағы Пиршаги ауылындағы қамыс арасынан тауып алады. Ал Юсуфов осыдан кейін полиция бөлімінің терезесінен секіріп кетіп, өз-өзін өлтіреді. Бұл істегі тағы бір фигурант – Юсуфовтың 34 жастағы қайынағасы Әзірбайжан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы («Қылмыс туралы хабарламау» ) бойынша жауапкершілікке тартылып отыр.

Сот-медициналық сараптамадан кейін А.-ның денесі ағасына беріліп, туыстары оны туған жеріне - Қызылқоға ауданына жерледі. А.-ның артында бірінші некеден туған 11 жастағы қызы қалды. 

Фархат ӘБІЛОВ

22 қазан 2018, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.