Атырау, 29 қараша 13:48
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бішкек пен Ташкент шекараға қатысты мәмілеге келді

1 390 просмотра


Өзбекстан мен Қырғызстан екі ел шекарасының даулы екі бөлігіне қатысты мәмілеге келді. Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, келісім Өзбекстан мен Қырғызстан үкіметтері өкілдері 15-21 қазан күндері Наманганда мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөнінде жиын өткізген.

Кездесуде екі ел делегациялары екі ел мүдделерін ескере отырып, Шахимардан участогі Ферғана облысы мен Баткен облысының аралығынан, ал Наманган облысындағы Кандиен-Булок участогі Қырғызстанның Жалал-Абад облысымен жапсарлас өтеді деген тоқтам жасады.

"Келісім қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Кездесу тату көршілік, достық ауанда өтті, байыпты диалог болды" делінген хабарламада.

Қырғызстан үкіметі аталған келісімнің нәтижесіне қатысты әзірге комментарий бермеді.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның жалпы ұзындығы 1378 километрге жетеді, оның 85 пайызы анықталған.

Дереккөз: azattyq.org

22 қазан 2018, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.