Астана. BAQ.KZ. Грузия президенттігіне "Гирчи" партиясынан үміткер Зураб Джапаридзе құқық қорғаушылармен марихуана фестивалінде ұсталды.
Грузия Онлайн сайтының хабарлауынша, оппозициялық саясаткер акция қатысушыларына «шөп», болжам бойынша марихуана таратқан. Сонымен қатар, фестивальға бірқатар қатысушы ұсталды.
Құқық қорғау қызметкерлері Тбилисиде фестивальға дейін "Гирчи" партиясының мүшелері Яго Хвичия мен Вахо Мегрелишвилиді қамауға алды.
Шараны ұйымдастырған оппозициялық қозғалыста белсенділерге тінту жүргізу үшін жала жабылды деген мәлімдеме жасалды. "Гирчи" партиясының басшысы, президенттікке үміткер Георгий Джапаридзе тәуелсіздікке бей жай қарай алмайтындардың барлығын Тбилисидің орталығындағы "Деда эна" (Туған тіл) саябағына шақырып, ақцияға қолдау көрсетуге шақырды.
Қарасора фестивалінің мақсаты Грузияда марихуана қолдануға және соның мәдениетін заңдастыруға бағытталған.
Грузияның ІІМ 19 қазанда фестиваль ұйымдастырушыларын заң бұзылған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын және сәйкесінше шара қолданылатынын ескертті.
Дереккөз: Baq.kz