Атырау, 29 қараша 13:46
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

БАҚ: Борис Ротенберг Скандинавия банктері үстінен шағымданған

1 156 просмотра


Скандинавиялық Nordea, Handelsbanken банктері және Danske Bank Ресей миллиардері Борис Ротенбергтен шағым түскенін растады деп хабарлады Финляндияның Yle телеарнасы.

19 қазанда Bloomberg агенттігі олигарх банктердің үстінен олардың қызмет көрсету келісімін орындамағаны үшін шағымданғанын хабарлаған. Банктер қызмет көрсету туралы келісімді АҚШ-тың бизнесменге қарсы санкция салуына байланысты бұзған.

Телеарна мәліметінше, Ротенберг Хельсинкидің округтік сотына 4 қазан күні шағым түсірген. Банктер 19 қазан күні шағым түскені туралы хабарлама алған. Шағым жайлы басқа мәлімет айтылмайды.

Борис Ротенбергке АҚШ Ресей Қырымды аннексиялап алуына байланысты 2014 жылы санкция салған. Бизнесменде Финляндия азаматтығы бар болғандықтан ол Еуропа Одағының санкцияларына ілікпеген. Биыл қаңтарда Борис Ротенберг пен оның бауыры Аркадий Ротенберг Ресей президенті Владимир Путинге жақын адамдардың "Кремль тізіміне" ілініп кеткен. Бұл тізімдегілерге АҚШ Ресейдің 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына киліккені үшін санкция салған.

Дереккөз: azattyq.org

22 қазан 2018, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.