Атырау, 25 қараша 16:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Макс Боқаевтың шағымы жоқ

2 355 просмотра


Өткен аптада Ақтөбе облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері 2016 жылы қарашада Талғат Аянмен бірге Атыраудағы “жер митингісі” туралы іс бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған азаматтық белсенді Макс Боқаев осы жылдың тамыз айының соңында ауыстырылған орта режимдегі КА-168/2 колониясына барды.

Бақтығұл ҚАНАТОВ, Ақтөбе облысы бойынша ҚБК төрағасы:

- Жоспарға сәйкес, біз сотталғандар тұратын ғимаратқа, асханаға және басқа да жерлерге бардық. Макс Боқаевпен кездестік. Оның ешқандай шағымы жоқ, өзін есіне алатын жандарға сәлем айтты.

Макс Боқаевпен бірге комиссия мүшелері сол Ақтөбе колониясында әлеуметтік желілерде Владимир Путинді сынағаны үшін 3 жылдық жазасын өтеп жатқан Санат ДОСОВПЕН (суретте - сол жақтағы үшінші) кездескен.

- Санат Досов Ресей президентіне тіл тигізгені үшін жазасын өтеуде. Ал Макстың не үшін отырғанын өздеріңіз білесіздер. Оларға жүйелі түрде барып, жасалып жатқан қысымның бар-жоғын тексеріп тұрамыз, - деді Қанатов.

Фархат ӘБІЛОВ

Ақтөбе облыстық ҚБК ұсынған суреттер

20 қазан 2018, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.