Атырау, 19 қыркүйек 05:46
 дождьВ Атырау +16.7
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Сальмонеллез қосылған қуырма нан

2 103 рет қаралды


Теңіз кенішіндегі уланған жұмысшылар саны 28-ге дейін көбейді. Алдын ала “сальмонеллез” деген диагноз қойылды.

- Бәрі де қажетті емдерін алып жатыр. Жағдайлары тұрақты, - дейді Жылыой аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрбек ҮКІБАЕВ.

- ”Болашақ” вахталық поселкесіндегі жаппай уланудан кейін ауруханаға 21 адам түсті, бірақ бүгінгі күні олардың саны көбейіп отыр, - дейді Атырау облыстық ққоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат УАИСОВ. - Зардап шегушілер тамақтанған асханадан азық-түліктер шайындысы, сондай-ақ, асхана қызметкерлерінен баксебу алынып, қазір зертханада тексерілуде. Алдын ала болжам бойынша адамдар жұмыртқа қосылып, қуырылған наннан уланған.

Фархат ӘБІЛОВ

20 қазан 2018, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.