Атырау, 5 желтоқсан 12:19
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мұқыр ауылында мас жігіт полицейді жаралады

4 229 рет қаралды


“АЖ”-ға белгілі болғандай, 19 қазанда Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында көшеде мас күйде жүгенсіз әрекеттер жасап жүрген жергілікті жас тұрғынды полиция капитаны Артур ҚАНАТОВ ұстайды. Бірақ оны тірек пунктіне жеткізу кезінде мас бұзақы ас үй пышағын полицейдің ішіне тығып алған.

Атырау облыстық ІІД бұл ақпаратты растады. Қызылқоға аудандық ауруханасының бас дәрігері Самат ТАЙШЫБАЙДЫҢ айтуынша, бүгін 20 қазанда жаралы облыстық ауруханаға жеткізілген. Жағдайы тұрақты.

Фархат ӘБІЛОВ

20 қазан 2018, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.