Үндістанның Пенджаб штатында пойыз мерекеге жиналған адамдарды басып өтті. Салдарынан 61 адам қаза тауып, 70-ке жуығы жарақат алған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Амритсар қаласы маңында болған. Мерекеге жиналған адамдар теміржолдың үстінде арнайы рәсімді тамашалап тұрған. Осы сәтте жылдамдықпен келген пойыз адамдарды басып өткен.
Дереккөз: 24.kz