Ауғанстанның Кандагар өңірінде парламенттік сайлау кейінге қалдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 20 қазанға бекітілген дауыс беру науқаны бір аптадан соң өткізіледі. Бұл шешім бейсенбі күнгі қайғылы оқиғадан соң қабылданды.
Ол күні жергілікті полиция басшысы мен Ұлттық қауіпсіздік басқармасының бөлім басшысына шабуыл жасалып, қаза тапқан еді. Қылмыстық істі Талибан радикалды қозғалысы өз мойнына алды. Мамандар сайлаудың уақытылы өтуін қалап отыр. Дегенмен жергілікті билік тұрғындар моральды тұрғыда дайын емес екендігін жеткізді. Ал Ауғанстанның қалған өңірлерінде сайлау бекітілген күні өткізіледі. Нәтижесі бойынша парламенттің төменгі палатасына 249 депутат сайланады.
Дереккөз: 24.kz