Атырау, 25 қараша 16:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Елес" студенттер, қамкөңіл жетімдер

2 459 просмотра


Атырау облысының прокуратурасы жүргізген тексерулер барысында жергілікті 2 жоғарғы оқу орны мен 15 колледжде бюджет қаржыларын тиімсіз пайдалану, жетім студенттер мен мүгедектерге арналған әлеуметтік кепілдіктерге нұқсан келтіру орын алғаны анықталды. Тексеру нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 146 млн теңге өтелді, әкімшілік жауапкершілікке 2, тәртіптік жазаға 42 білім беру қызметкері тартылды.

- Жоғары оқу орындары 2016 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде заңнаманы бұзып, жоғары стипендия ұсынылмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 108 студентке және мүгедектерге 9 миллионнан астам теңге төлейді. Қадағалау актісіне сәйкес, колледждердің біреуінен сол студенттерді оқыту үшін Білім және ғылым министрлігімен екі келісімшарт бойынша орындалған екі жұмыс актісіне қол қою нәтижесінде негізсіз алынған 64 миллион теңге мемлекет кірісіне өндіріліп алынды, - деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасында.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

19 қазан 2018, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.