Атырау, 24 сәуір 21:52
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Алаяқтық әрекеттер анықталды

2 634 просмотра


Алматы, Павлодар, Атырау облыстарында, Астана мен Алматыда «ҚазТрансОйл» АҚ атынан бұрын қолданылған құбыр өнімдерін сату жөнінде жалған құжаттар жасаумен айналысатын тұлғалар тобының алаяқтық әрекеттері анықталды, - деп хабарлады мұнай құбыры компаниясының баспасөз қызметі.

Зардап шегушілер арасында заңды және жеке тұлғалар бар, олар аумақтық құқыққорғау органдарына жүгінген. Олардың айтуынша, белгісіз біреулер алдап, сенімдеріне кіріп алып, «ҚазТрансОйл» АҚ құбыр өнімдерін сатып алу/қазып алу» лоты бойынша жеңімпазды анықтау конкурсында жәрдемдесуге уәде беріп, ірі ақшалай қаржыны иемденген.

Осы фактілер бойынша, қазіргі уақытта Астана қ. ІІД және Алматы облысы Талғар аудандық ІІБ тергеу басқармалары қылмыстық іс қозғаған.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2018 жыл басынан бері компанияда бұрын қолданылған құбыр өнімдерін сату жұмысы жүргізілмегенін хабарлайды.

Бұрын қолданылған құбыр өнімдері: 1) «ҚазТрансОйл» АҚ аукцион өткізген кезде; 2) тауар биржалары арқылы сатылады.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қазан 2018, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.