Атырау, 29 қараша 13:27
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Сеулде такси жүргізушілері шеруге шықты

1 815 просмотра


Оңтүстік Корея астанасында такси жүргізушілері жергілікті «Ай-Ти» компаниясының жаңа қызмет түріне қарсылық білдірді. Ондаған мың адам Сеул орталығына шеруге шықты. 

Шараға қатысушылар Какао компаниясының «карпулинг», яғни бір көлікпен бірлесіп саяхат ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа қосымшаны қосуға қарсы. Ал бірлестік жаңа қызмет таксилер жетіспейтін таңғы және кешкі қарбалас кезде адамдардың қатынауын жеңілдетеді дейді. 

Сондай-ақ Сеулдың кейбір аудандарынан түнде кері қайту қиын әрі такси жүргізушілері жолаушыны жақын жерге апару үшін қымбат сұрайтынын айтады. 

Ли Сун-Чжу, такси жүргізушісі: 

- Мен күніне 12 сағат жұмыс істеп, айына 1 мың 800 доллар ғана табамын. Егер мұндай қызмет түрін қосатын болса такси жүргізушісі болудан пайда қанша. Біз шығынға батпаймыз ба.  

Қазір Какао компаниясы тапсырыс қабылдайтын орталық ретінде жұмыс істейді. Бірақ жүргіушілер «бірлестік жоспарларынан бас тартпаса, оның ұсынысын қабылддаудан бас тартамыз» деп отыр. Ал компания  жобаны іске асыру үшін жаңа жүргізушілерді тіркеуді бастап кетті.

Дереккөз: 24.kz

19 қазан 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.