Атырау, 29 қараша 13:32
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Грузия прокуратурасы Саакашвилидің кісі өлтіруге қатысы бар екенін айтты

1 810 просмотра

Грузия президентінің басына жай түскендей болды
Грузияның прокуратурасы миллиардер Бардри Патаркацишвилиді өлтіру ісіне байланысты істі тексеріп анықтағанын жариялады. Аталған миллиардер 2008 жылы ақпанда Лондонға жақын маңда қаза тапқан болатын. Прокуратура тарабы Ішкі істер министрлігінің бұрынғы жоғары дәрежелі үш лауазымдысын бұл іске қатысы бар деп айыптады.

ІІМ-ның бұрынғы қызметкерлерінің аудио жазбалары табылды Прокуратура тарабы ІІМ-нің бұрынғы лауазымдылары Реваз Шиукашвили, Леван Кардава және Георкий Меребашвили қатарлыларға кісі өлтіру ісін жоспарлаған және қызмет құқығын асыра пайдаланған деген таққан. Ашалап айтқанда, ІІМ-нің Конституциялық қауіпсіздік жөніндегі департаменттің бұрынғы қызметкері 52 жастағы бизнесменге миллиардер Бардри Патаркацишвилиді өлтіру ісін 2007 жылы жоспарлаған деп көрсеткен. Кеше Грузия прокуратурасы жариялаған материалдар арасында жоғарыда тағылған айыпты дәлелдейтін аудио құжаттар да болған. Бұл аудио жазбада айыпталушылардың бірі миллиардерді өлтіру жоспары қазіргі президент Михаил Саакашвили жағынан санкцияланғанын сөз етеді. Аудио жазбаларының енді бірінде айыпталушылар миллиардер Патаркацишвилиді өлтіру ісін ақылдасқан. Прокуратураның айтуынша бұл аудио жазбалар айыптаушылардың біреуінің үйінен табылған. 

Грузиялық миллиардер Бардри Патаркацишвили.
Саакашвили: Бұған ешкім сенбейді, менің бұл іспен қатысым жоқ 

Саакашвили болса өзінің BBC-ге берген сұхбатында бұл істі терістеп: «Бірнеше күннен кейін сайлау өтеді. Мақсаттарына жете алмаған бұл режим жанталасуда. Бұл адамдар түрмеде отыр. Қазір оларға қандай да бір жазбаны айтып беріп жаздырып алса болады. Олар нені қаласа соны айтып беріп жаздырып алған. Алайда, Грузияда бұған ешкім сенбейді. Менің бұл іспен қатысым жоқ», – дейді. 

Ресей және Грузия үкіметтерімен шекіскен миллиардердің тарихы

2008 жылдың 12 ақпанында Лондон маңында қаза тапқан миллиардердің өлімі түрлі пікірлерге мұрындық болған. Ол айыпталған 52 жастағы бизнесмен және Борис Березовскийдің бизнестегі одақтасы саналады. Бардри Патаркацишвилидің өліміне байланысты тергеудің ресми қортындыларында оны жүрек ауыруы ұстап қаза болғанын айтылған болатын. 

Бардри Патаркацишвилидің сол кездегі Грузия билігімен болған байланысы тым күрделі. Сондай-ақ, Ресей билігімен де арасы салқын болған. Ол Ресейде ОРТ және ТВ-6 қатарлы екі телеарнаның жетекшілік қызметін атқарған. 2001 жылы Ресей билігі жағынан Николай Глушковтың қашып кетуіне жәрдемдескен деген айып таққан. Ал, бір жылдан кейін оған және қыруар қаржыны жымқырды деген айып қоса тағылған. Осы айыптаулардан кейін Бардри Патаркацишвили Грузияға кетеді де, Ресей жағынан халықаралық іздеу жарияланады. 

Бірақ, орыс үкіметі оны ұстай алмаған. Ол Грузия, Ұлыбритания және Израиль арасында еркін қатынап тұрған. Грузияда да бір телеарна құрған Патаркацишвили 2007 жылдан бастап билікпен болған мәмілесі нашарлайды. Тіпті сол уақыттарда ол президент Саакашвилиді тақтан тайдыру үшін өз қаржысын аямайтынын ашық білдірген. Сол жылдың қарашасында оның телеарнасы Тблисидегі үкіметке қарсы ереуілді таратқаны үшін тоқтатылады. Ал, Патаркацишвилидің өзіне қылмыстық айып тағылады. 2008 жылы Грузиядағы президенттік сайлаудан кейін үкімет Патаркацишвилиге екінші рет айып тақты. Бұл ретте оған билікті құлату істерін ұйымдастырды, саясаткерлерге қастандық жасауға тырысты және террорлық шабуыл ұйымдастырды деген айыптар тақты. 

Ол миллиардер болса бұл айыптауларды «жала жабу» деп бағалаған еді. Көп ұзамай ол Ұлыбританияда қаза тапты. Гурзия билігі алмасқаннан кейін, 2012 жылы ол құрған телеарна жақын туыстарына қайтарылып беріген. 

Кісі өлтіру ісін анықтау ма, саяси ойын ба? 

ІІМ-ның бұрынғы қызметкерлері өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған. Олардың ақтаушы адвокаттары бұл айыпқа байланысты дәлерлердің толық емес екенін айтады. 

Сонымен бірге адвокаттар тағы бір түсініксіз мәселені ортаға қойған. Олардың көрсетуінше, бұл аудио жазбалары 2016 жылы табылған, содан бері прокуратура тарабы бұл туралы қандай да бір мәліметтерді таратпаған және тек енді ғана айыпталушыларға қарата дәлел ретінде тартылып отыр. Осы жағдайларға байланысты, Грузия мен басқа да елдердің ақпарат құралдары бұл істі сайлау алдындағы саяси ойындар қатарында бағалап жатыр.  

Дереккөз: qazaqtimes.com

18 қазан 2018, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.