Атырау, 29 қараша 13:37
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​"Үйрену лагерлері" туралы түсінік берген Шынжаң басшысы әсіре сілтеушілік туралы жұмған аузын ашпады

2 018 просмотра


Қытайдың ресмилері Шынжаңдағы «Үйрену лагерлерінің» ісі және оның мақсаты туралы алғаш рет ауқымды түсінік берді. Шынжаң ұйғыр автономиялы регионындағы «Үйрену лагерлеріне» миллионға жуық мұсылмандардың қамалуына БҰҰ тарабынан алаңдаушылық білдіріліп, Қытай үкіметін сынға алған болатын. 

Әрі, Қытайдан ресми түрде түсінік беруді талап еткен еді. Бұған дейін әлемнің көптеген еліндегі ақпарат құралдарында Шынжаңдағы «үйрену лагерлері» жазықты-жазықсыз жүз мыңдаған адамдарды қамап отырғаны, олардың түрлі қинау көріп, құқықтары тапталып жатқаны туралы хабарлар тараған болатын. 

Алайда, Қытайдың «Шинхуа» ресми ақпарат агенттігі Шынжаң Автономиялы регионының төрағасы Шүкірат Закирмен болған сұхбатты таратқан. Онда Шынжаң басшысы бұл лагерлерді ақысыз кәсіптік үйрету орындары ретінде көрсеткен. Шүкірат Закир сөзінде, Шынжаң билігі «кәсіптік білім үйрету орындарын» ашу арқылы терроризмды түбегейлі жоюға тырысып жатқанын айтады. Ол және  бұндағы адамдардың тамағы, киімі, жатар орыны толықтай үкімет жағынан қамтамасыз етілгенін, тіпті,  жатақханаларында теледидар, кондиционер және ысты0 су да бар екенін, бұлардың бәрі үкіметтің қамқорлығы ретінде көрсетеді. 

Дегенмен, Шүкірат Закір сұхбатында «үйрену лагерлерінің» жүйесі, олардың нақты қандай жұмыс істеп отырғанын ашып айтпайды. Тек, бұл лагерлерді «терроризмге қарсы күрес үшін, экстормизмге қатысы бар адамдардың сана сезімдерін өзгерту жұмыстарын, олардың санасында экстремизмге қарсылықты ояту қызметтері жасалып жатқанын айтады. Қытай үкіметінің Шынжаңда жасап жатқан шараларына, Орта Шығыс пен шекаралас Ауғанстандағы жағдайдың да өзіндік себебі болғанына көз жұмбаймыз.

Бірақ, Шынжаңның ресми өкілі ондағы лагерлер туралы сөз еткенде жергілікті орындардағы әсіре сілтеушіліктер туралы жұмған аузын ашпаған. Ондағы азаматтардың құқығы, діни бостандығының тапталғандығы туралы, тіпті Қытайдың өз Конституциясына қайшы заң-ережелермен қысымға ұшырап жатқаны туралы ешқандай пікір білдірмеген. 

Дереккөз: “The Qazaq times

18 қазан 2018, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.